Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.
(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)
Кітапхананың оқу залы әдемі безендірілген. Көрнекті жерге Қазақстан Республикасының рәміздері ілінген. Қонақтар, оқырмандар осы залға жайғасуда. (Композитор Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады)
Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы суреттермен көркем безендірілген. ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған)
7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің туған күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны оқырмандарға ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан.
Мен қазақпын, ұланымын елімнің Мен қазақпын, тірегімін жерімнің Ұланымын туын көкке көтерер Болашаққа алға бастап жетелер Қиындығын қазағымның әрқашан Қайыспайтын қара нардай көтерер
1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр. 2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
Тарихқа көз жіберер болсақ, ерте кездері мемлекет басшыларын сенімді жауынгерлер қорғаған. Мәселен, Ресейде садақшылар, кейіннен гусарлар, Иранда Шах тыныштығын “мың өлімсіздер” деп аталатын “сипайлар” күзеткен. Еуропада кейіннен лейб-гвардия деп аталған корль күзеті болған. Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей, олардың мұрагерлері Тәуке т.б. хандар қазіргі республикалық Ұлан сияқты әрекет ететін әскер ұстады. Әскерге ханға берілген, ақсүйектер отбасынан шыққан жасөспірімдер алынған. Аталмыш әскердің міндеті – ханның отбасын қорғау, жол жүру кезінде ханмен ілесе жүру, көрші мемлекеттерден елші келген кезде жоралғылық рәсімдер атқару болды.
Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік, әскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ішкі әскерлер әскери жоғары саналылық пен жанкештілік көрсетуде. Олар “Жалпыға бірдей әскери мемлекеттік және әскери қызмет туралы” Заңның негізінде жасақталды. Қазақта әр заманда епті, батыл, ержүрек сарбаздар болған. Олар барлық қиындықтар мен жорық кезіндегі тұрмыс мұқтаждығын көтеруге қабілет– қарымын көрсете білген. Бүгінгі Қазақстан әскерлері, Президент Н.Назарбаев айтқандай, “даңқты өткенімізден күш ала отырып”, өткенімізді рухани жалғастырушы жаңа күш екеніне кәміл сенеміз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының қатарында қызмет ету жастар үшін үлкен құрмет. Ұлттық Ұлан Мемлекеттік шараларды және мемлекеттік объектілерді қорғайды, шетелдік делегацияларды қарсы алады және шығарып салады, басқа да маңызды шараларды орындайды. Ұлан әскерлері өздерінің саптық бой түзетулері мен шеберліктерін көрсетеді, бұл арқылы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің айбындылығы анықталады.
Бұлар құрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді. Құрлықтағы шекара әскерлері қазақстандық шекарашылардың әрдайым мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға және жаудың шабуыл жасауына тойтарыс беруге қабілеттігі, шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігін Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шекарашыларда атыс қаруларының барлық түрі, танкке қарсы құралдар және де қазіргі заманға қажетті әскери техника, байланыс және бақылау құралдары бар.
Әскери әуе авиациясының негізін күшті ракеталық пулеметтік қару–жарақпен, радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік дыбыстан жоғары авиация құрайды. Әскери әуе авиациясы әр түрлі мақсаттағы ұшақтарды пайдаланады, истребитель-бомбардировщиктерді барлаушы, транспорттық және басқа да ұшақтарды, сонымен бірге әскери әуе авиациясы қазіргі заманғы жаудың шабуыл құралдарын зақымдауға, жердегі әскерлерге қолдау көрсетуге, әуеде табысты үстемдік етуге және басқа да біраз қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Үздіксіз әуе кеңістігін бақылап отырады. Олар жаудың байқалған нысаналарын, олардың тұрған және қозғалыстағы орнын, жылдамдығын, ұшу бағытын айқындайды, зениттік-ракеталық әскерлер мен авиацияға жаудың шабуылын қайтаруға, тойтарыс беруге мүмкіндік жасайды.
Қазақстанның әуе қорғаныс күштері мемлекеттік әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайтын маңызды құрал болып табылады. Олардың құрамына әуе қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді.
Мобильдік күштер тобы – құрлық әскерлерімен тығыз байланыста әрекет ететін десантшылар. Оларды “қанатты жаяу әскер” деп те атайды. Олар әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, негізгі күш келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластарды, олардың штабтары мен тылдағы бөлімдерін жоюға арналған. Өз міндеттерін орындауға мобильдік топтар жоюдың әр түрлі құралдарын, әр түрлі жаңа техниканы, қажетті қорларды иеленеді. Тасуға және аспаннан тастауға әскери транспортты, авиация ұшақтары мен тікұшақтарын пайдаланады.
Бұлар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құрал-жабдықтар жеткізуге, жаралыларды алып кетуге, істен шыққан қару-жарақтар мен басқа жүктерді тасуға арналған әскери тылдың құрамында әскерлерді соғыста және өмірде барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етеді.
Олар бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Бейбіт кезде де, соғыс кезінде де байланысты орнатуға қызмет етеді. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің бөлімшелері мен бөлімдері жақын және ұзақ қашықтықтық үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне негізделген радио және радиожелілік құралдарды пайдаланады
Жаппай қырып жоятын ядролық қарулардың және басқа да құралдардың пайда болуына байланысты аталған қарулар қолданылған жағдайда әскерлерді қорғайтын шаралар қолдану қажет. Мұндай мәселелерді шешуде химиялық әскерлер маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты бөлімдер мен бөлімшелерді емдеу үшін арнайы машиналармен, қондырғылармен келіп, көмек көрсетеді.
Бұлар құрлық әскерлерінің ұрыс әрекетін және тіршілік әрекетін толығымен қамтамасыз етуге арналған инженерлік әскерлер. Бірде-бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді. Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар салады, сулы тосқауылдан өтуді жабдықтайды, қарсыластардың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады. Қорғаныс кезінде инженерлік әскерлер қорғаныс шептерін тұрғызады, бөгеттер жасайды
Әскери істер ғылыми-техникалық прогреске байланысты қазіргі жағдайда арнайы әскерлердің маңызы өлшеусіз өсті. Бұл бөлімшелер мен бөлімдер жас әскерлерден терең және жан-жақты білімді, машық-дағдыны, тәртіптілікті, шыдамдылықты, білек күшін талап ететін қазіргі заманғы техникалармен жабдықталған.
Артиллерияның бөлімшелері мен бөлімдерінің болуы құрлық әскерлерін дереу күшейтті. Олардың дәл соққылары қысқа уақыттың ішінде қарсыластың түгел бөлімшелері мен бөлімдерін жойып жіберуі мүмкін. Құрлық әскерлерінің артиллериясында зеңбіректер, гаубицалар, реактивтік қондырғылар, жойғыш танкке қарсы қолданатын зеңбіректер, минометтер және де ұзақ қашықтықта әрекет ететін танкке қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Бұл құралдардың барлығы моторландырылған, қысқа уақыт ішінде дайындалады және оқ атуға қабілетті.
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына - құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар өздеріне әр түрлі қарулар мен техникаларды біріктіреді. Құрлық әскерлері түрлеріне – мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге – инженерлік, химия байланыс, радио және радиотехникалық, автомобиль және басқалары жатады.
Таза біржақты ұлттық тәрбие-ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұллтық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.
Немесе қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Қосай, Қамбар, Ағыбай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Қарқабат, Сураншы, Саурық, Сырым, Исатай сияқты батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен. (3) Батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, отанын сүюуінің негізі болып табылады
«Алтын қыран» ордені 1995 жылы бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан республикасына ерекше еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. «Алтын қыран» орденіне ұсынылған үміткерлерді Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Президент лауазымы бойынша айрықша үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері болып танылады
«Құрмет» ордені 1993 жылы бектілген. «Құрмет» орденімен азаматтар экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті, білім беру ісін дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін марапатталады.
«Достық ордені 1995 жылы тағайындалды онымен елдегі қоғамдық келісімді сақтауға халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталады. «Достық» орденінің ІІ-ші дәрежесі бірінші дәрежесіне ұқсас, тек мұнда орденнің белгісі құлақша мен шығыршық арқылы бесбұрыш пішінді тақшаға біріктірілген.