Все рефераты Казахстана Суббота, 12.09.2026, 10:18

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар

В разделе материалов: 1592
Показано материалов: 391-420
Страницы: « 1 2 ... 12 13 14 15 16 ... 53 54 »

Мемлекеттегі ісжүргізім үдерісін бақылау тетігі айқындалмаған. Конституция қабылданған күннен бастап мемлекеттік тілде іс жүргізуге тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, басты заңның құзырына қайшы түрлі мерзімдерді ойлап табу арқылы ісжүргізімді мемлекеттік тілде жүргізуден астыртын түрде бас тартып келеді. Бұл жағынан Тіл комитеті тілдерді дамыту жөніндегі басты Уәкілдік орган ретінде оларды бақылау жөніндегі дербес шешім қабылдай алмайды және оны жүзеге асыру құзыры жоқ. Ал, Мемлекеттік қызмет агенттігі бұл мәселеден өзін өзі мейлінше оқшаулаған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3242 | Загрузок: 0 |

Бөкебайды әйелдер өздеріне шаршылап, кейде үшбұрыштап, әр түрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама деген көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жиегіне тоқу арқылы шашақ салып, селдіретіп те тығыздап та білтелеп тоқиды. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарады әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3330 | Загрузок: 0 |

Тымақ – ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Түрлері: түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең тымақ, пұшпақ тымақ. Бұрын қазақ елі қай жүздің, қай рудың адамы екенін тымағына қарап та таныған, яғни арғын, жалайыр мен найман тымағы немесе Семей, Торғай тымағы деген түрлері болған. Тымақ – биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етегі бар жылы бас киім. Сыртын берік, қымбат маталармен тыстайды. Екі құлағына ызбалы бау тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына тобылғыдан немесе берік ағаштан тиек жасап қадайды. «Ескілік киімі» деген өлеңінде данышпан Абай былай деп жырлаған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3036 | Загрузок: 0 |

Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, бірге қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қолөнеріменде ұштасып жатыр. Қолөнерінің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреуін ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа пайдаланады. Қалыңдыққа сәукеле кигізу сондай-ақ, көпшілігі театрлардың арнаулы тапсырысы бойынша тігіліп жатыр.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 7051 | Загрузок: 0 |

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі» деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сипат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі деп бағаланған. Ертеде халық шеберлері қазақтың болмысына тән, кигенде ыңғайлы әр түрлі киім үлгілерін жасаған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 5994 | Загрузок: 0 |

Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы
шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 8729 | Загрузок: 0 |

Ұлдарға атқа мінер кезде арнайы ер-тұрман істеп, нағашы жұрты сыйға тартатын болған. Оны ашамай ер деп атайды. Қорытып айтқанда, қазақ шеберлері жасаған зергерлік бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың он саусағынан өнері тамған, өздері сері, жандары сұлу болғанын паш етіп, ерекше дәлелдей түседі.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 5073 | Загрузок: 0 |

Бұл сән-салтанатты бас киімнің екі жағын жаңбарға ұқсас күміс бұршақтай бетмоншақ толықтырып жүр. Көз тартатын бұл дара нұсқа коллекцияның көркі десе болғандай. Оңтүстік Қазақстанның дәстүрлі өңір әшекейлерінде кестелі әшекейлер өте мол. Қыздардың мойын әшекейі тамақша – мата өрнекті кестелермен, шытыралармен сәнделген матадан тігіледі. Камзолдың және көйлектердің белі мен жағасы маржан теңгелер қадалған тізбемен және күміс шытыралармен безендіріледі.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3704 | Загрузок: 0 |

Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 11466 | Загрузок: 0 |

Бүгінде наурыздық нышан ретінде қазақ халқының алуан түрлі фольклорлық туындыларын Наурыз мейрамына телу орын алуда. Алайда, мейрамды олайша «байыту» мерекенің маңызы мен өзегін бұрмалауға, ақырында оның дәйексіздендіруге апарып соғатынын ескеру керек.
Ежелгі Наурыздың мерекеленуі ғарыштық жыйылу құбылысының мәнін құрайтын үш санатына: дәм, үн, өңге негізделіп, бұлардың әрқайсысы ғарыштық жетілудің кепілі ретінде жеті еселенуден тұрған. Йағный, жеті дәмнен – наурызкөже; жеті түспен – құрақ көрпе тігу (басында алуан түсті мата парақтарды ілу ғұрпынан туындаған, бүгінде құрақ көрпенің о бастағы
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1789 | Загрузок: 0 |

Оның түбірі кәзір бұйрық райлы «жет» болғанмен, ол о баста әрі етістік, әрі зат есім, әрі сан есім мен сын есімдік сипатта қатар болған. Осыдан келіп, кемелдікті, дамуды білдіретін ұғымның сыйпырлық мәні «жеті» болып туындаған және кез келген нәрсенің кемелдігі оның жеті сатыдан өтілуі орныққан. Сөйтіп, Наурыздың санаттары да жетілік санмен қамтылса керек.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1202 | Загрузок: 0 |

Жердің рухы ретіндегі Ұмай ана Көктің дарытқанын молайтушы, құтты (баталық ақпаратты) нәрселендіруші (материалдаушы) бейне. Береке аталатын көбею мен молдықтың басы – Наурыздың материалдық байлықтың мәні болып табылады. Берекенің белгісі – айуандар мен өсімдік әлемінің жаңаруы: көктің бүршік атуы мен төлдің туылуы. Наурыз айының малдың төлдеу науқанына сәйкес келуі де құбылыс пен көктемгі маусымның көрінісі, жаңа жылды лайықты қарсы алудың мүмкіндігі болып табылады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1593 | Загрузок: 0 |

Otrar has played an important role in the history of Kazakhstan and Central Asia. It became famous as a birth place of Abu Nasr al Farabi, an outstanding encyclopedic scientist. Otrar was the biggest centre of historical region of Turkestan and also an important branch of the Great Silk Road. The monuments of Otrar have been inscribed on the World Heritage Tentative List of UNESCO.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2881 | Загрузок: 0 |

Біз Отырарда ХV ғ. екінші жартысында бүкіл қалалық екінші өртті Отырар әкімінің темірліктерге қарсы көтерілісімен байланыстырамыз. Көтеріліс себептері, оның барысы бізге беймәлім болғанымен жазба деректер темірлік Әбу Саидтың 1455 ж. Отырардағы бүлікті басқаны жөнінде хабарлайды. Археологиялық қазбаларды талдау «екінші өртке» байланысты оқиғалар Отырар халқын ойсыратып тастағанын көрсетіп тұр. ХV ғ. бірінші ширегінде Отырар астаналық дәрежесінен айырылып, қатардағы өлкелік қалалардың біріне айналды. Отырарда соғылған ең соңғы теңге 1415-16 ж. жатады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 15126 | Загрузок: 0 |

Бұқара қаласында қазақтар тұрған жеке орам белгілі, онда 15 үй болыпты. Чоршанби мақаласында мешітті салдырған Шоқас бидің баласы Сәрсенбі қазақ екен. Бұл кісі керуенбасы, не үлкен саудагерлердің басшысы екен, осы мешіт айналасында топтасып қазақтар тұрған екен [60, с. 232, 320]. Осы тарихи жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениеті қазақ халқына да тиесілі, қалаларда қазақтар да тұрған демекпіз. Қала халқының бір бөлігі қазақ халқының құрамына кірді деген тұжырымға келеміз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2913 | Загрузок: 0 |

Қарғабабтардың қабірлері аталады. Арыстанбаб дүние салған соң түркі тайпаларының қасиетті құстарының ұшып келуі және оларды Арыстанбабтың шәкірттері деп тану ХІІ ғ. ислам діні мен жергілікті түркі тайпаларының байырғы сенім–нанымдарының қабысуының белгісі деп түсінген жөн. Арыстанбаб қабірінің Отырарда жатқаны, оның қасында қарахандықтар әулетінің бір өкілінің жерленгенін «Насаб–наманың» Арыс нұсқасынан кездестіреміз: «Абд ар–Рахман - Қылыш Арслан хан ұлы Шах Қасым, лақабы Санжар хан, оның ұлы Шах Абдаллах, лақабы Арслан хан, 50 жыл патшалық қылды. Таласта Ғайып Ата атанды. Оның ұлы Мұхаммад хан, лақабы Татика хан, қабірі Отырарда, Арслан–баб аяғында...» [9, 59-б.].
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2129 | Загрузок: 0 |

Бурнашеваның зерттеулерінің негізінде жергілікті Отырар билеушілерінің VІІ-VІІІ ғғ. ортасына дейін соққан теңгелері деп санауға болады деген пікір айтты. Сондықтан осы қабаттың жоғары шекарасы VІІІ ғ. ортасы деп айтуға толық негіз бар. Бұл қабаттан мезгілі кейіндеу, шын мәніндегі түргештік теңгелер табылмаған. Ал VІІІ ғ. ортасында арабтардың Оңтүстік Қазақстан аумағын жаулап алу соғыстары жүріп жатқаны белгілі болғандықтан және олардың әскері Отырарды басып алды деген хабар бар болғандықтан біз археологиялық материалдарда көрініс тапқан соғысты осы арабтар әскерінің жорығымен байланыстырамыз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4081 | Загрузок: 0 |

Қазақстан аймағында көлемі жағынан ең ірі ортағасырлық қала Отырар болып табылады. Зерттеу жұмысында Отырардың ортағасырдағы тарихы аңыз әңгімелер, жазба және археологиялық деректер негізінде қарастырылады. Отырар-Фараб иелігінің тарихи географиясы, елді мекендері, керуен жолдарының бағыттары, Отырардың ерте ортағасырдағы, ортағасырдың орта беліндегі, кейінгі ортағасырдағы археологиялық белгілері жазба мәліметтермен, аңыздармен салыстырыла отырып, әр кезеңдегі саяси тарихы, қолөнері, егіншілік пен ирригациясы, сауда-саттығы, мәдениет пен наным-сенімдері сипатталады. Көп ғасырлық тарихы бар Отырар қаласының ХVІІІ ғ. ортасында құлдырап босап қалу себептері көрсетіледі.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4160 | Загрузок: 0 |

Тексеру – метрологиялық сипаттамаларды және олардың қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау негізінде, өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау операциясынегізгі .
Негізгі метрологиялық сипаттама – тексерілетін өлшеу құралын аса дәл жұмыстық эталонмен салыстырумен анықталатын қателік.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3755 | Загрузок: 0 |

Сынау және бақылау туралы ұғым
Сынау деп объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын экспери-менттік анықтау аталады. Объект бір бұйым, бұйымдар партиясы, бұйым макеті немесе моделі, өнім және оның жұмыс істеу және өндіру процестері.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3715 | Загрузок: 0 |

Өлшеулер нәтижелерінің өрнектеріне байланысты олар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік – бұл физикалық константалар мәндерін пайдалану арқылы бір немесе бірнеше шамаларды өлшеулер.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3104 | Загрузок: 0 |

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң бiрiншi құрамы былайша құрылады: Республика Президентi, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден үш жыл мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден алты жыл мерзiмге тағайындайды, Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл мерзiмге тағайындайды.
98-бап
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1584 | Загрузок: 2 |

Төраға Баррозу Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуропалық комиссияның Бакудегі белсен¬ді¬лігі аясындағы ЕО мен Қара теңіз және Каспий өңірі елдерінің энер¬гетикасы жөніндегі Министрлік конференцияда Қазақстанның қа¬былдаушы ел болуына келіскендігі үшін алғысын білдірді. Бұл кон¬ференция қараша айында Астанада ойдағыдай өткен болатын. Ондағы қабылданған қорытынды мен жол картасы Каспий бассейніндегі мұнай мен газ өндіруші елдер мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты нығайта түспек.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2067 | Загрузок: 0 |

Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу Қазақстан Президентінен Каспийден Қара теңіз арқылы өтетін энергетикалық дәлізді дамытуға қолдау білдіруін өтінді. Мұндай жағдайда Қазақ¬стан¬нан, Орталық Азия мен Кав¬каз¬дан мұнай-газ ресурстарын Еу¬ро¬палық Одаққа мультимодельдік тасымал жүйесі, соның ішінде газ құбырлары мен мұнай құбырлары арқылы жеткізудің мүмкіндігі пайда болмақ. Өз кезегінде Қазақстан Президенті бұл жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті жағдайларды қалыптастыру үшін Қазақстан мен Еуропа Одағына бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. ЕО мен Қазақстан оны жүзеге асыруға Ресейдің қатысуын қош көрген болар еді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2649 | Загрузок: 4 |

...Бұл күндері жарасы денесіне жайылып өне бойын қанды ірің кеулеп кеткен Ерденнің әлі азая бастайды. Қыршын жас көп ұзамай қайтыс болады. Жалаң түзде жан жолдасынан айырылып, қыс Балқаш ботадай боздап, жалғыз қалады. Еңіреген өксігін басып, есін жиғаннан кейін, қостың жанындағы майда құмды қазып, астына қамыс төсейді. Ерденді арулап көмеді. Жас қабірді құшақтап жылаған Балқаш енді өзіне ор қазады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1455 | Загрузок: 0 |

Бүкіләлемдік сауда ұйымы-бұл әрі ұйым, әрі құқықтық документтер кешені, тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы саласындағы үкіметтердің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын көпжақты сауда келісімі.
БСҰ 1995 жылдың 1 қаңтарында 1993 жылы 15 желтоқсанындағы Уругвайлық раундтың көпжақты келіссөздерінің аяқталуынан кейін және 1994 жылы қол қойылғаннан кейін құрылды. БСҰ тарифтер мен сауда бойынша Генералды келісімнің (ГАТТ) қабылдаушысы болып табылады.
БСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы оған ГАТТ-қа қарағанда көбірек мемлекеттер қатысады (ГАТТ 146) және оның қызметтерінің масштабтары кеңірек.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2255 | Загрузок: 0 |

Конгресс ХСП-ның ең жоғарғы органы болып табылады. ХСП-ның барлық мүшелері-компаниялар мен ұйымдар конгресске өздерінің ең жоғарғы өкілдерін жібере алады. Конгресс үш жылда бір рет қабылдаушы елдің ұлттық комитетінің шақырылуы бойынша жүргізіледі.
Қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды халықаралық ұйымдарсыз елестету мүмкін емес.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 901 | Загрузок: 0 |

Генералды секретар басқаратын штаб-квартиртира ХСП барлық қызметін бақылайды.Ол бес негізгі департаменттерден (халықаралық даму; коммуникациялар: экономикалық саясат пен ынтымақтастық, халықаралық сауда саясаты мен технологиялар, администрациялар, қаржы мен персонал) құралады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 937 | Загрузок: 0 |

АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия мемлекеттері-Индонезия, Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың мақсаты бірлескен индустриалды саясат арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу. 1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары адамдарды біріктіретін Азиялық еркін сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН елдерінің сыртқы істер министрлері басқа елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау мақсатында жаңа платформа құру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа тәуелді болуға қарсы бағытталған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 5049 | Загрузок: 0 |

Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1342 | Загрузок: 0 |

Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2026 SiteMap №1 и SiteMap №2