Все рефераты Казахстана Суббота, 13.09.2025, 11:49

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Құқық

Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі

Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі скачать

21.02.2010, 16:47
загрузка...

МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

Кіріспе

1.     Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік сипаттамасы

1.1   Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі және  түрлері

1.2   Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

2.     Меншікке қарсы қылмыстардың жеке түрлері бойынша тергеу әдістемесі

2.1   Ұрлықты тергеу әдістемесі

2.2   Тонау мен қарақшылықты тергеу әдістемесі

2.3   Алаяқтықты тергеу әдістемесі

2.4   Қорқытып алуды тергеу әдістемесі

2.5    Сеніп тапсырылған мүлікті иемденуді және ысырап етді тергеу әдістемесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

 

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді.

Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді.

Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер  ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.

Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Меншікке қарсы қылмыстың аса қауіпті өсу тенденциясы құқық қорғау органдарының олармен терең және нақты күресуін қажет етеді. Қылмысты болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

Қылмыстық заңда бөтенің меншігіне қылмысты түрде қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке- нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті  алу ашық немесе жасырын күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау  тәсілдарі  арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондықтан заң шығарушы қазіргі қолданып жүрген қылмыстық заңдақылмыстардың мынадай нысандарын атап көрсеткен: ұрлық (175 бап); тонау (178 бап); қарақшылық (179 бап); алаяқтық (177 бап); сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176 бап);

Қылмыстардың осы көрсетілген нысандарының әрқайсысы өзінің ерекшеліктерімен оқшаулану арқылы өзіне ұқсас құрамдардан ажыратылады. Сондықтан да қылмыстардың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының заңдылық белгілерін дұрыс анықтау осы тұрғыдағы қылмыстарды дұрыс саралаудың негізгі кепілі болып табылады.

Біз осы диплом жұмысын орындаудан бұрын алдымызға мынандай мақсат қойдық:

1.     меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесін саралау зерттеу, сонымен қатар методикалық ңұсқалар келтіру.

Бұл мақсатқа жету үшін  мынандай міндеттер анықталды:

1.     меншікке қарсы қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасына талдау жасау;

2.      меншікке қарсы қылмыстың кейбір жекелеген түрлері бойынша тергеу әдістемесін зерттеу, талдау жасау, сонымен қатар теория тұрғысынан  методикалық ңұсқау беру.

Осы жұмысты орындау барысында мынандай зерттеу әдістемесі қолданды:

1.     Диалектикалық әдіс

2.     Салыстырмалық әдіс

3.      Талдау және саралау әдістері

4.     Теория мен тәжірбені ұштастыру әдістемесі

Сонымен бұл дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып  меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесінің құрылымы табылады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстандық және шет елдік ғалым мамандарының еңбектері оқылды, яғни Р.С. Белкин, Е.Р. Российская, В.А. Образцова, Н.А. Селеванов, А.Ю. Аубакиров, Е.О Алауов, және тағы басқалары.

Бұл жұмыс кіріспе бөлімінен, 2 тараудан, 7 параграфтан және қорытынды бөлімдерден тұрады.
загрузка...
Категория: Құқық | Добавил: AgesSa
Просмотров: 3038 | Загрузок: 28 | Рейтинг: 3.4/14
Тут вы можете

скачать Меншікке қарсы қылмыстарды тергеу әдістемесі

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2