Генетиканың негізгі түсініктері. Терминдер скачать
14.02.2010, 14:24
загрузка...
Генетиканың негізгі түсініктері
Айқас шағылыстыру – гомологты хромосомалар мейоздық бөліну кезінде бір-бірмен айқасып,
сәйкес үлескілермен алмасу процесі.
Аллельді гендер -гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің
әртүрлі формалары. Аллельді гендер бір белгінің вариантын анықтайды.
Аутосомдар– жыныстың
екеуінде болатын хромосомдар.
Биологиялық алға басу (пргресс)
– дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың
артуы және аймақтың кеңеюі.
Биологиялық кері кету (регресс)
– дарақтан саны мен олардың жүйеленген топтары
санының кемуі және аумақтың тарылуы.
Ген – хромосомның
белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратыныңгенетикалық өлшем бірлігі. Белоктың алғашқы
құрылымы туралы хабар бар ДНК молекуласының учаскесі.
Гендік қор (генофонд) — популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы.
Геном–
жасуша хромосомасы немесе организм гендерінің гаплоидты жиынтығы.
Генотип – ағзаның гендер жиынтығы.
Гетерозиготты ағза – белгілі геннің әр түрлі жұпаллельді гомологты хромосомаларда орналасқан
әртүрлі гендер.
Гетерозис –
гомологты хромосомада белгілі жиілікпен кездесетін гендердің жиынтығы.
Гибридологиялық әдіс - әртүрлі таза сызықтарға жататын даралардың гибридизациясы және
бір-бірінен альтернатив белгілері бойынша ажыратылады. Келесі ұрпақта мұндай
шағылыстыру нақты статистикалық заңдылықтар бойынша өтеді.
Гомозиготты ағза – гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей
жұп аллельдері орналасқан диплоитты ағза.
Гомологиялық хромосомдар – құрылысы жағынан ұқсас бір локуста
аллельді гендері бар, бір белгінің дамуына жауап беретін хромосомдар.
Ди – және полигибридті
шағылыстыру – екі немесе көп жұп қарама-қарсы белгілері
бойынша ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру.
Доминантты ген - аллельді гендердің біреуін – рецесивті
генді басатын ген. Белігінің басым болу құбылысын доминанттау, ал басым белгіні
доминантты белгі деп атайды.
Жынысты хромосомдар – екі жыныстың бір-бірінен ажырай алатын
хромосомдар.
Кодомирование – гетерозиготалы организмде екі аллельді
геннің айқын көрінісі және де олар бір біріне әсерін тигізбейді.
Коньюгация– бактериялардағы ДНК алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНК беретін жасуша
(донор),ДНК-ны қабылдайтын (акцептор)
қосылады.
Көбею шексіздігі – бұл тірі ағзалардың дәл осы нақтылы жағдайларда тірі қала алатын
ұрпақтарды көбірек өндіретін ортақ қасиет.
Моногибридті шағылыстыру – бір жұп альтернатива белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы
даралар шағылыстыру.
Мутация — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері —
гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын
өзгергіштік.
Өзгергіштік— организмнің бойындағы түрлі
белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған
байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір
белгі-қасиеттерін жоғалтады.
Таза линия (іріктемелер, қолтұқымдар, штаммалар) – гендердің
бір немесе бірнеше аллель бойынша гомозиготты жиынтығы, өсімдіктердің өздігінен
немесе өзара тозаңданғанда белгілердің ыдырауы байқалады.
Толық доминанттылық – аллельді жұп геннің біреу басым қасиетті
көрсетіп, гетерозиготалы күйде де гомозиготалы даралардағысияқты айқын көрініс береді, ал рецессивті
геннің әсері байқалмай жасырын қалады.
Толымсыз доминанттау – аллельді гендердің екеуінің әсері бірдей
байқалып, сондықтан аралық сипаттағы формалар қалыптасады.
Тұқымқуалау–
организмдердің ұрпақтан ұрпаққа белгілерін өтқізе алатын қасиет.Тұқымқуалауғыштық материалдарын
тасымалдаушысы ДНК болып есептеледі.
Фенотип – геноти пен айналадағы ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің
жиынтығы.
Хромосома- өзіндік
ядролық құрылым, екі иықшасы, центромерасы және екі хроматинды болады.
Ыдырау– ұрпақта
бірнеше фенотиптің немесе генотиптің пайда болу