Все рефераты Казахстана Воскресенье, 14.09.2025, 09:52

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Педагогика

Туған жерге деген ыстық сезім

Туған жерге деген ыстық сезім скачать

28.03.2010, 20:06
загрузка...
Туған жерге деген ыстық сезім, ата¬мекенге деген құрмет пен қадір қа¬сиет тұтуды Ұлы дала ойшылдары Қор¬қыт Ата, әл-Фараби, Жүсіп Бала¬сағұни, Мах¬мұд Қашқари, т.б. айтқан бола¬тын.
Ықылым заманнан бізге жет¬кен “Қорқыт Ата кітабында” тә¬лімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көптеп кездеседі. Мысалы: “Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қы¬лыш¬тай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шыға¬рып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірік¬ші болғаннан жарық көріп, өмір сүр¬ме¬ген көп артық” – деген екен. Бұл өсиет сөздерден ақыл-парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар мен шығарманың өн бойынан ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көреміз, бұл әр түріктің бойында осы далада туғаны үшін мақта¬ныш сезімін тудырса керек.
Әл-Фараби өзінің “Азаматтық сая¬сат”, “Поэзия өнері туралы”, “Ба¬қытқа жол сілтеу”, “Рито¬рика”, “Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері” атты трактатта¬рында этикалық, эстетикалық мәселелермен бірге көркемдік, сұлулық, мейірбандық, білім кате¬горияларының бетін ашып, олар¬дың негізгісін дәлелдеп берген.
Ақын-жыраулар халыққа өне¬ге¬лі сөздерімен ықпал етіп, олар¬ды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды. Жыраулар жаугершілік заманда хандар мен бектердің ақылгөй кеңесшісі болып, жорық¬тарға бірге аттанды, ру тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты, ерлікті мадақтады, шейіт болған батырларды жоқтап, ел қайғысын бөлісті.
Жоңғар шапқыншылығы ке¬зін¬дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс¬ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен¬дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз.
Бұқар жырау:
Ер жігітке жарасар
Қолына алған найзасы,
Би жігітке жарасар
Халқына тиген пайдасы – деген екен.
Ал Ақтамберді жырау болса:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлыққа,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа, батылдыққа ша¬қырған.
Қазақтың айбынды ақын¬дарының бірі Махамбет Өтеміс¬ұлы қазақ шаруаларын бостандық үшін күреске шақырып, қара халықты бақытқа жеткізуді арман¬дап өткен. Ол өзінің үзеңгілес серігі Исатай мен халықтың ерлі¬гін, олардың адамгершілік қа¬сиеттерін жыр етті.
Өз халқына, ұлтына деген пат¬риоттық сезімді қазақ ағартушы¬лары Ш.Уәли¬ханов, Ы.Алтын¬сарин, А.Құнанбаев шығармала¬рынан да көруге болады.
загрузка...
Категория: Педагогика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1989 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 1.0/1
Тут вы можете

скачать Туған жерге деген ыстық сезім

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2