Все рефераты Казахстана Воскресенье, 14.09.2025, 05:33

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Педагогика

Серікқұл Қосақов

Серікқұл Қосақов скачать

28.03.2010, 20:03
загрузка...
Қазақтар әлемнің қайсы бөлігінде өмір сүріп жатса да, олардың барлығы бүкіл дүниедегі қазақтардың үштен бірін құрайды, өздерінің қазақ халқының бір бөлшегі екенін ұмытқан емес. Тарихи тамырынан ажырап қалған жоқ, қайда жүрсе де жүрегі «қазақ» деп соғады әрі оны мақтан тұтады. Биыл Қазақстандықтармен қатар шет елдерде тұрып жатқан қазақтар, оның ішінде Қырғызстандағы қазақтар екі зор мерекені белгілеу үстінде. Оның біріншісі – Қазақстанның елордасы Астана қаласының 10 жылдығы, екіншісі – «Алаш» қозғалысының 90 жылдығы.
Қырғызстандағы қазақтардың Бішкекте екі мәдени орталығы бар. Бірі – «Отан», екіншісі – «Алаш» деп аталады. Біріншісінің аты тарихи Отанымызды аңсаудан қойылса, екіншісі арысы түпкі тегіміз алты алашқа, берісі ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысына барып тіреледі. Қырғызстанда жүрсек те, Алаштың атын жаңғыртып жүргеніміз біз үшін ғанибет. Қырғызстандағы осы «Алаш» бірлестігі биылғы желтоқсанда Бішкек қаласында және өлкеміздің облыс орталықтарында «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналған іс-шараларды өткеруге әзірленуде. «Алаш» сөзінің «қазақ» сөзіне балама екенін де ғылыми және тарихи бұлақтардан білеміз.
Қазақ пен қырғыздың тарихи тамыры бір, олар ғасырлар бойы аралас-құралас бірге тұрып келген. Бұған байланысты қазақтың ұлы перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлының пікірлері қызығушылық тудырмай қоймайды. Өздеріңізге белгілі ол өзінің, түріктердің, қазақтардың, қырғыздардың руларының тарихы. «Хандардың династиясы» деген шығармасында былай деп жазған: «XVI ғасырдың ортасында XVIII ғасырдың басында қазақ хандығының құрамына кірген алты ірі саяси бірлестік «Алты алаш» деп аталды. Олар: ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қырғыздар, қарақалпақтар және құрамалар (Орта Азиядағы жартылай отырықты қыпшақ рулары). Хандық тарқаған соң, XVIII ғасырдың ортасынан бастап, «Үш алаш» ұғымы үш жүз мәнісінде айтыла бастайды және «Алаш» сөзі қазақтың баламасына айналды». (Шаһарим Кудайберды улы. Родословная тюрков, казахов, киргизов. Династия ханов, Пер. Б.Каирбекова. – Алма-Ата, Изд. «Жазушы», 1990, стр. 46.) Одан әрі Ш. Құдайбердіұлы қазақтың тарихы туралы: «Қытай жазбаларынан білгеніміз, біздің халқымыз Шистің (Сияр) ұрпақтарынан, со немесе сег тайпасынан тарайды. Үрім-бұтағы көбейген со (се, сег) өз орнынан жылжып, төртке бөлініп кеткен. Біреуі Солтүстік Алтайда, Ку-Кубанды, орысша Кутаны өзенінің жағасына орналасқан. Екінші бұтағы – Ану жаңа Ган (Абахан жаңа Енисей) өзендерінің ортасында жайғасқан қырғыздар. Үшіншісі – Шу өзенінің бойында қалған шулықтар қытайша «Чу Кси». Төртіншісі – қытайлар Тукю деген. Біздіңше, түркілер Шу өзенінің жоғарғы сағасында, жартасты таудың етегінде орын тепкен. Басқа да рулар Тукюге бағынып, бір ел атанғандықтан, Тукю біздің ұғымымызда Тукю мемлекеті. Былайша айтқанда Тукю патшалығы болмақшы. Кейіннен ол әртүрлі хандықтарға ыдырап, басқа аттарды иеленсе де, олардың бірде-бірі өздерінің ежелгі аты Түркіні ұмытқан жоқ», - деп жазған. (Қараңыз: Шаһәрим Кудайбердыулы, стр. 14-15). Бүгінгі күнде Шу өзенінің бойымен қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы өтеді. Екі ел бір-бірімен қоян-қолтық жайғасқан. Сондықтан Қырғызстандағы қазақтар өздерінің ежелгі Отанында жасап жатыр деп айтуға болады.
Қазан төңкерісінен соң «Алаш» партиясына көптеген қырғыздар кірді және олардың ішінде Қырғызстанның көрнекті тұлғалары бар еді. Қырғызстан Үкіметінің бірінші төрағасы – Қара, қырғыз Советтік автономиялық облысының басшысы Жүсіп Абдрахманов «Алаш» партиясының мүшесі болды. Кейін ол қуғынға ұшырып, 1937 жылы атылды. Ол репрессияға ұшыраған соң, әйелі балаларымен Қазақстанға қоныс аударды. Қазір оның ұрпақтары Қазақстанда тұрып жатыр.
Қырғыздың бірінші әліппесін жазған Қасым Тынысбаев та сол алаш партиясының мүшесі болған. Ол да кейін атылып кетті.
Алаш қозғалысының белді азаматтары өткен ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдары қазақ пен қырғыз халқын ең жақын, бауырлас ел деп танып, бір-біріне жанашыр болуға үндегені қазіргі нарық толқынында малтығып жүрген ер-азаматтарымызға үлгі болады деп ойлаймын. «Алаш» партиясының белсенді мүшелерінің бірі Міржақып Дулатұлы «Қазақ-қырғыз тарихы туралы» зерттеу жазып, қазақтың неге қырғыз деп аталғанын анықтап берген: «Бұрын Қырғыз елі мекен етіп тұрғанда орыстың қалаларын, ауылдарын дамылсыз шауып, мазасын кетіре бергендігі мәлім. Ол кездерде орыстар: «әне қырғыз шауып кетті, міне, қырғыз келіп қалды» деген күйге ұшыраған. Сібірдің Оңтүстігіндегі облыстарына үлкен зиян келтіре берген соң, қазақтарды қырғыздай жек көріп, сөгіс орнына «қырғыз» (киргиз) деп атаған. Осы еңбегінде М.Дулатов «қырғыздар да өздерін «алашпыз» дейді», - деп жазған. И.Арабаев та Қырғызстандағы «Алаш» қозғалысының мүшесі болған. Қырғызстан – таулы республика. Ол Тянь-Шань (Ала Тау) тау сілемінің батысын және Памир-Алтайдың Оңтүстік аймақтарын иелеп, Орта Азияның Шығыс жағынан орын алған. Қырғызстанның шекарасы шығыстан батысқа 925 шақырым, оңтүстіктен солтүстікке 450 шақырым жерді алып жатыр. Өлкенің 94 пайызы биік таулы жер. Теңіз деңгейінен 1000 шақырым биіктікте, таулы жерлердегі адамдар жасаған жердің биіктігі теңіз деңгейінен 2750 метр. Ең биік шоқы – «Жеңіс» шоқысы, биіктігі – 7439 шақырым. Халқының саны – 5 млн. 200 мың адам. Халқының 70 пайызы қырғыздар. Қазақтар 42,5 мың. Бір қызығы қазақтардың осы саны 1959 жылғы ел санағынан бері көп өзгермей келеді. 1989 жылы Қырғызстанда 37,318 қазақ болған. Қазақтардың көпшілігі Бішкекке және Қырғызстанға шекаралас. Орталығы Бішкек қаласы болған. Қырғызстанның астанасы Бішкек Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданы орталығынан бар болғаны 17 шақырым қашықтықта.
Қырғыз Республикасын әлемнің 130 мемлекеті дербес өлке ретінде таныған. 96 өлкемен дипломатиялық қатынас орнатылған. Қырғыз Республикасы 120 халықаралық ұйымның мүшесі, оның ішінде ООН-ға (1992 жылдың 2 наурызы), ОБСЭ-ге (1992 жылдың 30 қаңтары), ОКК-ға (1992 жылдың 1 желтоқсаны), ВТО-ға (1998 жылдың желтоқсаны) МВФ, ЕБРР, ИБР және тағы басқа ұйымдарға мүше болып кірген.
загрузка...
Категория: Педагогика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1464 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Серікқұл Қосақов

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2