Все рефераты Казахстана Воскресенье, 14.09.2025, 03:09

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Педагогика

Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы

Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы скачать

18.03.2010, 15:35
загрузка...

ӘОЖ 371.315.1:796.51(574)

Б 88   

                     

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТУРИСТІК ТАҢДАУЫ

                                   

Қ.Ә. Бүркітбаев, Б.Ә.Бірімқұлова

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы Кіші ғылым Академиясы, Жамбыл облыстық "Дарын” мектеп-интернаты, Тараз қ.

 

Тақырыпқа  байланысты ой тарқатпастан бұрын «туризм дегеніміз не?» деген  сұраққа жауап берейік.

 «Туризм» термині С.И.Ожеговтың: «Словарь русского языка» еңбегінде: «Вид путешествии, совершаемых для отдыха и с образовательными целями, вид спорта» деп көрсетілген. 10-шы сыныпқа арналған  «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» оқулығы бойынша туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты аталады, олар:

1.Сауықтыру (рекреациялық);

2.Танымдық  (экскурсиялық, топтық серуен);

3.Іскерлік;

4.Ғылыми (зерттеу жұмыстары).

Топтық серуендер: а) мәдени-тарихи объекті б)табиғи объекті.

Табиғи объектілерге:

-таулы аудандар (Ақсу-Жабағылы, Марқакөл).

-өзен-көл маңы (Алакөл , Қорғалжың).

-орман (Наурызым).

-құмды дала (Үстірт, Мойынқұм).

-жартастар (Таңбалытас,Қаратау).

Ал көлік түрі бойынша автомобиль,темір жол,теңіздік,ауа арқылы,өзен бойымен саяхат жасау бар.Сонымен қатар туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуына байланысты оның дамуына әр мемлекеттің өз бағдарлама-мақсаттарына үлкен маңыз береді. Дүние жүзі бойынша туризм жылына 500 млрд. доллар табыс береді. Бірінші орынды АҚШ алады, одан соң Батыс Еуропа елдері кіреді (Испания, Франция, Италия). Ал 2000 жылы дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ)698 млн. туристердің халықаралық саяхат жасауын тіркеді. Туризмнің маңызы тек экономикаға тікелей әсер етуімен шектелмейді. Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі:біріншіден,халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-бірі осы туризм саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, яғни бейбітшілікті нығайтады. Қазіргі кезде туризм ғаламдық сипат алды. Туристік лектер материалдық байлықпен бірге, еңбек ресурстарының, ақпараттың өзара қарым-қатынасын жақсарта түседі. Қысқа мерзімде туризм саласы әлемдік кеңестікті жаулап алды, ал ДТҰ болжамы бойынша 21 ғасыр туризм ғасыры болмақ.. Ал саясатта соңғы жылдары өте үлкен өзгерістер болғаны мәлім:

-Кеңес Одағының ыдырауы, орнына егеменді 15 мемлекет құрылуы;

-постсоциалистік мемлекеттерде өмірлерінің барлық жағынан өзгерістерге ұшырауы;

-Варшава келісімі ұйымының қызметінің тоқтауы;

-«суық соғыс» кезеңінің аяқталып, ғаламдық «Шығыс-Батыс» және «Солтүстік-Оңтүстік» жүйелерінің өзара қарым-қатынас орнатуы;

-Германия мемлекеттерінің бірігуінен экономикалық потенциалының өсуі;

-Югославия федерацияның ыдырауы, тәуелсіз 5 мемлекеттің құрылуы;

Аталған саяси оқиғалар туризм саласының жаңа деңгейде, жаңа бағытта дамуына үлкен әсер еткендігін аталған саяси оқиғалар нәтижесінде тоталитарлы режимді бұрынғы социалистік елдерде демократиялық өзгерістер мен елдің дамуы бағыты рыноктық экономикамен байланысты болғандықтан, аталған елдердің азаматтары халықаралық туризм саласының күрт өсуіне ықпал етті. Постсоциалистік елдердің азаматтары батыс  әлемі мәдениетімен, тарихи-архитектуралық ескерткіштермен, әсем табиғат өлкелерімен танысып, серуендеп, демалып, саясат жасау мүмкіндіктеріне ие болды.Қазіргі уақытта аталған елдер әлі де өзгерері сөзсіз- әр мемлекет қазір азаматтарының әлеуметтік жағдайына көп көңіл бөліп, арнайы әлеуметтік саясат ұстанды. Сондықтан жақын 5-6 жылда постсоциалистік елдер туризм лидері Франция, Испания, Италия; АҚШ-пен қатар дамитындығы соңғы уақыттағы осы елдерде жүргізілген мониторингтерден көрінуде. Әсіресе Польшаға саясат жасаушылар саны күннен-күнге өсуде. Бұл да Польша мемлекетінің экономиканы дамытудағы ұстанған саясатын және әлемдік қауымдастықтар арасындағы саяси келісім-шарттар мұрындық  болып отыр.

загрузка...
Категория: Педагогика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1343 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 2.0/2
Тут вы можете

скачать Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2