Все рефераты Казахстана Воскресенье, 14.09.2025, 05:33

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Педагогика

Билiк. Байлық. Адам

Билiк. Байлық. Адам скачать

28.03.2010, 20:08
загрузка...
Идея алғашқыда болжам, ой, жоспар түрiнде дүниеге келедi. Уақыт үдесiнен шыққаны жойқын күшке айналады. Бiрақ, "әр кәллада бiр қиял" дегендейiн, өмiрде не көп – идея көп. Оның бәрiне тиiстi көңiл бөлiп, жақсы-жаманын ажыратып отыруға жалғыз-жарым адам емес, тұтас мемлекеттiң мұршасы келе бермейдi. Әйтпесе фашизмге, тоталитаризмге, нәсiлшiлдiкке әкелетiн идеяларды жөргөгiнде тұншықтыруға болар едi ғой. Өскелең идеялардың да жолы бiрден бола қалмайды. Араға ғасырлар салып танылатын идеялар бар. қазақстандық ұлттық идеяның бүгiнгi әлеуетi де осы тақылеттес. Кезiнде Керей мен Жәнiбекке, Тәуке мен Абылайға күш берген ол ендi елес болып, Алтай мен Атырауды, Жетiсу мен Сарыарқаны, Түркiстан – Тұранды кезiп жүр. Билiктiң, байлықтың қолдауынсыз елестiң бағы ашылатынына сену қиын. Ал тап сол елеске лаңкестiк пиғылдағы күштер иелiк етiп кетсе, қоғамға аз қасiрет әкелмейтiнiн тарих әлденеше дәлелдеген.
Қазiргi Қазақстанда билiк пен байлық - егiз ұғым. Билiк байлыққа жол ашады, байлық билiкке жеткiзедi. Дұрысы – әрқайсының өз кеңiстiгi, өз ойын алаңы, ережесi болғаны. Келешекте бұлардың ара жiгi ашылар. Әзiрге болары болып, бояуы сiңген нәтижемен есептесуден басқа шара жоқ. Сонда да айтарымыз мынау: билiк пен байлықтың қоян-қолтық астасып кетуi монополияны туғызбай қоймайды. Ал монополия iрiп-шiрудiң басы екенi бесенеден белгiлi. Тiптi мұның алғашқы үрдiстерi бой көрсете де бастады. Мәселен, қазақстандағы билiк пен байлық иелерi ұлттық идеяға бастарын ауыртып отырған жоқ. Бұл аздайын билiк пен байлықтың басы-қасындағы адам факторы ұлттық, дәлiрек айтсақ, қазақтық дiлге, рухқа суғарылмаған. Пассионарлық тұлғаларға зәрулiк ұлғайған мына заманда олардың арасында әдiл бәсекеде жеңiп шыққандар мейлiнше аз, көбi "бармақ басты, көз қыстымен" байлықты, билiктi еншiлегендер. Мұндайлардың ұлтжандылығы, ұлтшылдығы тiлiнiң ұшында ғана. Абайша айтсақ, өзi мал болған соң малдан басқа қызығы жоқ. Ал ендi бұған нарықтық қатынасқа көшу, әлемдiк экономикалық кеңiстiкке ену қазақстандағы iрi буржуаны байырғы ұлт өкiлдерiнен емес, басқа этностар есебiнен қалыптастырғанын қосыңыз. Сағымдай ұлттық идеяны былай қойғанда бай әрi көркем мемлекеттiк тiлдiң жұмыс iстемей тұрғаны да осыдан. қазақ тiлiнсiз ұлттық идея сыңар қанатымен жер сабалаған дәрменсiз құстай. Ұлттық идеясы бұлыңғыр елдегi билiк оп-оңай қателесуге, байлық орынсыз шайқалып төгiлуге бейiм тұрады.

5. Не iстеу керек?
Ұлттық идеяның бары мен жоғын тиянақтауға жұрттан бұрын ғалымдар кiрiсiп кеттi. Ә.Нысанбаев, А.Сейдiмбек, Ә.Ғали, А.Шәрiп, I.Ерғали тәрiздi белгiлi бiлiмпаздардың қаламынан туған еңбектер қоғамдық санаға игi әсер еткенi сөзсiз. Бiрақ бұл жеткiлiксiз болып шықты. "Тарих – тым жауапты iс, оны тарихшыларға сенiп тапсыруға болмайды", деген екен ағылшын саясаткерi Йан Маклеод. Ұлттық идеяның арқалап тұрған жүгi ғылыми ойтолғаумен жерден бiр елi де көтерiлмедi, қайта салмақтана түстi. Өйткенi ұлттық идеяға тап бүгiн керегi толағай сөз ғана емес, нақты iс. Ал iстiң жүзеге асуы үшiн саяси-мемлекеттiк шешiм қажет. Демек, ұлттық идеяны анықтауға Президент, Парламент, үкiмет ресми түрде араласқанда ғана оң нәтижеден үмiттенуге болады. Ашық та жария мемлекеттiк саясатсыз ұлттық идеяның тамырына қан жүгiрмейдi. Сонда бұл iстен зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық бiрлестiкер, үкiметтiк емес ұйымдар, БАҚ тыс қалмай, қоғамдық санадағы бүгiнгi самарқаулық жойылар едi.
Кейбiр әрiптестестерiмiздiң уәжiне құлақ қойсақ, ұлттық идея мәселесiн iс жүзiнде шешуге Ата Заңымыздың 5 - бабындағы идеологиялық плюрализмдi қуаттаған талап кесе-көлденең тұратын тәрiздi. Шынтуайтында бұл баптың еш кедергiсi жоқ. Тек идея мен идеология арасында жер мен көктей айырмашылық жатқанын ұғына бiлсек жарады. Идеология дегенiмiз бiрiн-бiрi толықтыратын, бiрiнен бiрi туындайтын, арасынан қыл өтпейтiн идеялардың жиынтық жүйесi ғой. Ондай жүйенiң маркстiк-лениндiк идеология деп аталатын таптық түрiнен кеше ғана құтылған жоқпыз ба? Ендеше неге бүгежектеймiз. Рас, бүгiнгi қазақстанда мемлекеттiк идеология жоқ. Болмай-ақ қойсын. Бiрақ мән-мағынасы ұлттық идеядан қылаудай ажырағысыз идеялар – тiлдер туралы Заң, "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы, ауыл жылдары – жүзеге асқанын, асып жатқанын, аса да беретiнiн қаперден шығарып алатынымыз ақылға қонбайды. Ұлттық идея идеологиялық өктемдiктi туғызады дейтiндер өзiн де, өзгенi де шатастырып жүр.
Гәп мынада болса керек. Тоталитаризм тұсында ұлт мәселесiнен, ұлтшылдық науқандарынан оңбай таяқ жеген жақсыларымыз, тiптi бүгiнгi бәрiмiз ұлт деген сөз естiсек, терiге кептеген басын қорғаған мәңгүрттей орнымыздан тұра қашамыз. Басымыздан тоқпақ, мойыннан қамыт кеткенiнде шаруамыз жоқ.
Ұлттық идея Қазақстандағы барлық халықтардың тiлiнде орнықтырылуы керек. Және ол қазақ мұратын көздейтiнiн жасырудың еш қажетi жоқ. Мұндай қадамға барудың негiзiнде бiрнеше себеп жатыр. Бiрiншiден, Қазақстанға қоныс аударған келiмсектердiң соңғы легi тың игеру жылдары келдi. Содан берi жарты ғасырдан астам уақыт өтiптi. Яғни басқа этнос өкiлдерiнiң ең кем дегенде үшiншi ұрпағы қазақ топырағын басып жүр. Бұлар қазақ болып кетпесе де қазақстандық екенiн бiр адамдай бiледi. Тарихымыздан, салт-дәстүрiмiзден, мәдениетiмiзден, ендiгi тiлiмiзден хабардар. қазақстан халқы, қазақстандық ұлт дегендi осылар үшiн айтамыз. Ал Қазақстан, қазақстандық дегенiмiз - қазақ дегендi бiлдiредi. Екiншiден, шекарадағы темiр перде ысырылып, ақпараттық алмасу үдегендiктен алыс шетелдердегi өркениеттi мемлекеттiң өзiнде байырғы халық пен кiрме халықтың қалай өмiр сүретiнi, құқықтарында қандай айырмашылықтар бар екенi баршамызға мәлiм болды. Германия немiстер үшiн екен, Қытай қытайлар үшiн екен, Франция француздар үшiн екен, Түркия түрiктер үшiн екен. Қазақстан қазақтардың елi екенiн бiз неге жасыруымыз керек? Әрине, Қазақтан басқаларды шөмiштен қағайық, шетке ығыстырайық, басқа да қысымшылық жасайық деген сөз емес бұл. Тағдырдың жазуымен тарихи отанынан тыс жүргенiн олар да бiлсiн, бұған қазақтар жауапты емес екендiгiн бiз де ашығынан айтайық. Әдептен озған қонағына да "шаңыраққа қара" деген халық емеспiз бе.
Ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын екi әлеуметтiк қауым арасында мейлiнше дәйектi бекемдеу қажет. Бiрi – бала бақшада тәрбиеленушi бүлдiршiндерден бастап, университет аудиторияларында отырған жастарға жеткiзуден ештеңенi аяуға болмайды. Екiншiсi – мамандар мен зиялылардың ұлттық идеяға қалтқысыз берiлгендiгiн қалыптастыру. Осылардың санасына, өмiр салтына сiңген ұлттық идея кiмдi болсын өз иiрiмiне ала жөнелетiнiне күмән жоқ.
Сөз орайы келiп тұрғанда БАҚ беттерiнен көрiнiп жүрген: "Қазақстанда қазақтан басқа ұлт жоқ, диаспоралар ғана бар" деген тұжырымға өз ойымызды бiлдiре кетейiк. Диаспора – отанынан тыс өмiр сүрiп жатқан қауымның демографиялық сипаттамасы. Ұлт – тарихи-этникалық категория. Библияда Савел бiр түнде Павелге айналады. Нақты өмiрде ұлт әрқашан ұлт болып қала бередi. Егер демографиялық анықтауышты этникалық үрдiске қолданатын болсақ диаспорадан ғана емес, қазақтан да ештеңе қалмауы әбден мүмкiн. Этникалық дамудың бар белестерiнен өткен, мемлекеттiгi, жерi сыртта, қазiргi таңда қазақстанда тұрып жатқан қазақтан басқа ұлттың баласы өз ұлтының өкiлi болудан қалған жоқ. Орыс өзiн орыс ретiнде, ұйғыр өзiн ұйғыр ретiнде, өзбек – өзбек ретiнде сезiнетiнi заңды әрi сол ұлттың өкiлi болып саналуы қажет. Ассимиляцияға ұшыраса – әңгiме бөлек.

6. "Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк"

Ұлттық идея барша халықтың күш-жiгерiн, iс-әрекетiн уақыт алға қойып отырған аса жауапты тарихи мiндеттi шешуге жұмылдыратын, баурап әкететiн күш болуын қалаймыз. Өткен күндерден айғақ - дәлел келтiрер болсақ, ХІХ ғасыр аяғындағы Россияда ұлттық идея мiндетiн "Самодержавие, православие, народность" деген атау-терминдер атқарса, кешегi Ұлы Отан соғысы жылдарында большевиктер ұлттық идеяның арқалар жүгiн "Бәрi де майдан үшiн, бәрi де жеңiс үшiн" деген ұранға сиғызды.
Кез келген мемлекетке ұлттық идея қажет, ал оның ұғым-түсiнiгi, атау-терминi әр кезеңде әрқилы болып келуi объективтi заңдылық. Сондықтан да бүгiнгi ұлттық идея мiндеттi түрде ұзақ немесе қысқа мерзiмдi қамтып жатуы керек деп шарт қоюдың негiзi жоқ.
Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазiргi таңда "Қазақ елi. Азаттық. Бiрлiк" деген ұғым-түсiнiктер аша алады.
Ойымыз жұртшылыққа түсiнiктi болу үшiн әрбiр сөзге тоқтала кетейiк. қазақ - Қазақстан Республикасына атауын берген этнос, осы мемлекеттiң, жердiң иесi де, киесi де қазақтар. Ел – байырғы түркiлер заманында қалыптасқан атау-термин, мемлекеттiктi бiлдiредi. Орхон мұраларында "Түркi елi", "Мәңгi ел" деген сөз тiркестерi бiрнеше рет қайталанған. Ұлттық идеяның "Қазақ елi" ұғымымен басталуы өзектi екi мiндеттi шешуге мүмкiндiк бередi. Бiрi – барша қазақстандықтардың отансүйгiштiк сезiмiн тарихи-этникалық тамырмен байланыста қалыптастырып, тұрақтандыруға, екiншiсi – алыс шетелдiктерге Қазақстан Республикасы мемлекетiнiң мәнi қазақ елiне саятынын ұғындыруға шылбыр ұстатады. Әзiрге Қазақстанды қазақ елi ретiнде қабылдағысы келмейтiндер республикамызда да, бiлмейтiндер шетелде де аз емес. Уақытында дәм-тұзымызды татып, бiлiм алып, лауазымды қызметтер атқарып, Қазақстаннан қоныс аударысымен өзi суын iшкен құдыққа түкiргендердi қаперге алмағанда, Мысыр елiндегi әйгiлi Александрия кiтапханасының мамандары Қазақстан жайлы үстiрт ұғымда екенiн қалай түсiнуге болады. 2003 жылы Каирге барған сапарында "Отырар кiтапханасы" ғылыми орталығының директоры Тұрсын Жұртбайдың өтiнiшiмен олар компьютерлерiн қанша мазалағанымен, өзгенi былай қойғанда Қазақстан мен оның Президентi Н.Ә.Назарбаев туралы бiрде-бiр мәлiмет тауып бере алмаған екен. Бұған кiнәлi – өзiмiз. Сылбырмыз. Ширайтын уақыт өтiп барады. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында бұл мiндет бекер ауызға алынбаған. "Қазақстанның, дедi Н.Ә.Назарбаев, әлемде қуатты экономикасы бар әрi халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берiк өңiрлiк держава ретiнде қабылданатынын естен шығармағанымыз абзал. Бұл мәртебенi қастерлеуiмiз және елiмiздiң қазiргi әлемдегi беделiн нығайту үшiн қосымша күш-жiгер жұмсауымыз керек".

загрузка...
Категория: Педагогика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1587 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Билiк. Байлық. Адам

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2