Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің пат¬риоттық сезімін: “Менің патриот¬тық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, – деген екен. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасы¬нан бастау алып әулет, тумалас¬тарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді. Қазақта ең алғаш қазақ бала¬лары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпенді елдің бала¬сына ғылым-білім, өнер үйретуді армандады. Абай Құнанбаевтың еңбекте¬рін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патрио¬тизм¬ге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиет¬терін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген сөзі, барша жұртшылықты жаула¬су, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақы¬рады. Қарап отырсақ, қай кезде бол¬масын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақ¬сат-мүддесі қазақ халқын тек бір¬лікке, ынтымаққа шақыру, ешкім¬мен жауласпау, оқу білімге уағыз¬дау, адамгершілікті, адал шын¬шыл болуға, өз Отанын сүюге, отан¬шылдық, отансүйгіштік қасиет¬терді әр адамның бойына дарыту¬ға ұмтылған. Бұл бүгінде Қазақ¬станның, Елбасымыз Н.Назар¬баевтың “әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау” деген бағытымен үндесіп жатыр. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алаш¬орда қайраткерлері А.Байтұр¬сынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бө¬кейханов, М.Шоқай т.б. еңбек¬терінен де кездестіреміз. А.Бай¬тұрсынов: – Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып… – десе, М.Дулатов: “Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты” – дейді. Ал.С.Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну Отанға пай¬далы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады. Алаштың осы – біртуар ұлдарының бұра¬тана халық болмаймыз, өз алды¬мызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қал¬дыр¬ған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Сонымен қатар, қай заманда болсын адамзат алдында тұрған ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбие¬леу. Ұрпақ тәрбиесін келешек қоғам қамын ойлау тұрғысынан қарастырып, М.Дулатов “бас¬тауыш мектепте алған тәрбиенің әсері күшті, сіңімді болуы қай халықтың мектебінде болса да, оқу кітапшасы ана тілінде өз ұлтының тұрмысынан һәм табиғатынан жазылып, баяндап оқытуды, осылай біліп баяндап оқытқанда, жас баланың ойына, қанына, сүйегіне керекті мағлұмат алып шығады”, – деген болатын. Жас ұрпақты ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адам¬гершілік игі қасиеттер дәріп¬телген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Патриотизмнің тарихи, эле¬менттері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік тү¬рінде ықылым заманнан қалып¬таса бастаған. Таптық қоғамда патриотизмнің мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көзқара¬сын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. “Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар – өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруа¬шылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Волгадағы шай¬қас барысында Совет халықта¬рының патриотизмі, Отанға деген сүйіспеншілігі майдандағы әскер арасында, тылда еңбеккерлер арасында айқын көрінді. Мұндай тұлғалар тек біздің Совет елінде ғана ұлы интернационализм мен советтік патриотизм топырағында өсе алады” – деп, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде көрсетілген. Қазақ совет энциклопедия¬сын¬да “патриотизм” – дегеніміз (грек patrіotes – отандас, patrіo – Отан, туған жер) отанға деген сүйіспеншілік. Бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәс¬түрін құрмет тұту сияқты пат¬риотизм элементтері ерте заманнан қалыптаса бастайды, – деп көрсеткен. Үлкен совет энциклопедия¬сын¬да “социалистік қоғам азама¬ты¬ның патриотизмі өз Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақ¬тастығына берілгендік пен адалдықтан тұрады” – делінген. Педагогикалық сөздікте “…пат¬риотизм өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік …про¬летар¬лық интернационализммен берік байланысқан” – деп көр¬сетілген. Ю.К.Бабанскийдің “Педаго¬гика оқулығында “патриотизм …(грек тілінен аударғанда – Отан) әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан – Анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принцип”, – деп көрсетілген. Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірі бір төбе. Жазушының көп¬теген еңбектерінің ішінен “Соғыс психологиясы” атты шығар¬масын ерекше атап өтеміз. Өйткені,мұнда патриотизм және оған тәрбиелеу хақында өрелі пікірлер бар. Ол патриотизм туралы айтудан бұрын оның келіп шығу тегіне үңіледі, ұлттық мақтаныш дегеніміз “белгілі бір ұлт адамының жеке мақтаныш сезімі, …өз ұлтын сыйламаса және оны мақтан тұтпаса, ол барып тұрған арамза, Отансыз қаңғыбас” дей келе ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, …адамдар ғана Отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырлас¬тығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді. Адам¬ның жеке психологиясының әскери қызметтегі маңызын аша келіп, Б.Момышұлы: “патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіз¬дікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығай¬ту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым- қатынасын біріктіреді”, – деп терең, жан-жақ¬ты анықтама берген. Қаһар¬ман жазушы біз іздеп отырған “ұлттық патриотизм”, “қазақстан¬дық патриотизм” ұғымдарына философиялық анықтама беруге ұмтылған. Ол “ұлттық патриотизм – бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті – өз халқына деген сүйіспен¬шілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, террито¬риясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері, қалыптас¬қан тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты”.