Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой
ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.
Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық
тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Типі: Ойын түрінде
Жоспары:1. Топтың өзін
таныстыруы, амандасу рәсімі
2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)
3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)
4. Математикалық сұрақтар
5. Ойымды
жалғастыр (мақал-мәтелдер)
6. Сөзжұмбақ сайысы (карточка арқылы топқа
беріледі)
7. «Қас қағым сәт» сайысы (топқа сұрақ)
Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика
математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке
келтіретін математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика – барлық
ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.(Р.Бэкон)
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Бақытты сәт»
ойынына қош келдіңіздер.
Бүгінгі ойын топтық сайыс
түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат», «Трапеция» топтарын шақырамыз.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отырып
сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға
шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
1. Кезекте амандасу рәсімі І топ «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны:Білікті
бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі: Біз дайынбыз
бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
«Үшбұрыш» тобынан
қарсылас топтарға сәлем.
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында
жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз.
Үшбұрыш қабырғаларына
қарай үш түрлі:
1)тең қабырғалы үшбұрыш
2)тең бүйірлі үшбұрыш
3)әр қабырғалы үшбұрыш
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш
түрлі:
1)тік бұрышты үшбұрыш
2)сүйір бұрышты үшбұрыш
3)доғал бұрышты үшбұрыш
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының
қосындысы 1800-қа тең.
ІІ топ. «Квадрат» тобы.
Ұраны:Қандай
сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда
үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:Армандарға
қол созумен келеміз,
Өмір
теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен
қаруланған тобымыз,
Қарсыласты
қалай да біз жеңеміз.
Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш
квадрат деп аталады.
Қасиеттері:1)
диогональдары тең
2)
диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады
3)
ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең.
ІІІ топ. «Трапеция» тобы.
Ұраны: Жарыс десе
жанамыз,
Бүгінгі
күнжарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:Қиындықтан
сірәда біз қашпаймыз,
Алғырлық
пен тапқырлықты ұштаймыз.
Қияларға
самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз
жеңістерге бастаймыз.
«Трапеция» тобынан қарсыластарға
сәлем!
Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы
параллель емес төртбұрышты трапеция дейді.
Параллель қабырғалары табандары,
параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады.
Трапецияның түрлері:1)
тең бүйірлі
2)
тік бұрышты
Трапецияның орта сызығының
табандарына параллель және олардың қосын-дысының жартысына тең болады.