Все рефераты Казахстана Суббота, 13.09.2025, 15:24

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Информатика

Мәтіндік файлға мәліметтер жазу

Мәтіндік файлға мәліметтер жазу скачать

28.03.2010, 22:46
загрузка...
Алдыңғы тақырыпта сіз мәтіндік файлдарды ашуды, оған ақпараттарды жазуды үйреніңіздер. Write()- процедурасын пайдаланып мәліметтерді бір жолға, ал writeln()—процедурасын пайдаланып оларды бағанға жазуды көрдік. Осы білгендерімізді пайдаланып, келесі есепті шешіп көрелік:
Пернетақтадан, өлшемі 100х100, элементтері бүтін сан болатын, екі өлшемді массив енгізіледі. Осы массивті элементтерінің орналасу реті бойынша, `МayFile5.in` атымен, мәтіндік файл түрінде жазатын, программа жазу керек.
Бұл есеп те, алдыңғы тақырыпта қарастырылған есепке ұқсас, екі негізгі кезеңнен тұрады:
1.Пернетақтадан мәліметтерді енгізу
2.Оларды атауы `МayFile5.in` болатын, файлға жазу керек.
Бірінші кезеңді орындау үшін :
Пернетақтадан енгізілетін, массив өлшемдерінің нақты мәндерін кіргізу;
Массив өлшемдерін біле отырып параметрлі цикл операторын қолданып массив элементтеріне нақты мәндерді меншіктеу.
Мәліметтерді енгізу процедурасының мәтінін Misal_8 программасынан алуға болады. Ал мәліметтерді өңдеу процедурасы өзгеріссіз қалатындықтан, Misal_F1программасындағыдай болады.
Массив элементтерін `МayFile5.in` файлына жазу процедурасының қандай болатындығын қарастыралық:
procedure exi;
var
FileOut: text;
begin
{нақтылы файлмен айнымалы арасындағы байланыс}
assing (FileOut,`mayFile.in`);
{файлды жазуға дайындау}
rewrite(FileOut);
{массив өлшемдерiн жазу және курсорды жаңа жолға көшiру}
writeln(FileOut, JolSany,``, BaganSany);
for i=1 to JolSany do
begin
{массив элементтерiн бос орын арқылы жолға жазу}
for j=1 to BaganSany do
write(FileOut,San[i,j],``);
{j-циклiн аяақтаған соң, курсорды жаңа жолға көшiру}
writeln(Fileout);
end;
{файлды жабу}
close(FileOut);
end;
Негiзгi программа мәтiнiнiң өзгерiсiз қалатындығын айтпаса да болады. Осы программаны Misal_F5 атымен сактаңыз. Программаны iске қосудың алдымен, келесi әрекеттердi:
КурсордыExi процедурасын сипаттайтын жолдың басына қойыңыз;
Негiзгi менюдi Debug iшкi менюiн ашыңыз;
Add brekpoint… әрекетiн тандаңыз;
Enter пернесiн басыңыз.
Экранға Add brekpoint… (тоқтату нүктесiн қосу) сұхбат терезесi шығады (2.8-сурет).”Line number” (жол нөмері)өрісінде, курсор тұрған жолдвң нөмірін көрсетіп тұрады, ол Exi процедурасын сипаттайтын жолдың басын көрсетеді.
“Ok” батырмасын (сұхбат терезесіндегі) немесе “Enter” пернесін басыңыз.
Редактор терезесіндегі бұл жол басқа түспен бөлінеді. Енді Ctrl+F9 пернелерін басу арқылы программаны іске қосыңыз. Пернетақтадан бастапқы мәндерді енгізіңіз. Мәліметтерді енгізген соң программа жұмысын тоқтатады және компьютердің экранында қайтадан редактор терезесі шығады. Яғни, біз өзіміздің әрекеттеріміз арқылы программа жұмысын көрсетілген жолда тоқтатуға нұсқау бердік. Жұмысты қайтадан жалғастырву үшін “Ctrl+F9” пернелерін басуымыз керек немесе F7 пернесін пайдаланған тиімді және Exi процедурасының қалай жұмыс істейтінін бақылап көре аламыз.
Бұл әрекеттер, программаның жеке бөліктерімен жұмыс жасағанда (жүріп өткенде) тиімді, себебі үлкен өлшемді программаларды толығымен жүріп өту жалықтырады және керек емес. Олай болса, программалаудың құрылымдылық тәсілін (1.5 тақырып) қолдай отырып бізде бары:
Жеке модульдермен “жұмыс істеу” (программалау) мүмкіндігі.
Бір деңгейдегі “ойша” машиналардың тәуелсіздігі, программаның жекеленген бөліктерін, программаш\ның басқа бөліктеріне әсер етпей тәуелсіз жетілдіруге мүмкіндік береді. Э. Дейкстр атап өткендей: “... программаны жетілдіру, бір түрдегі (ойша) машиналардың басқа қолайлы машиналарға ауысуынан туындайды”.
Құрылымдылық программаның жеке бөліктерімен жұмыс жасау.
Процедура мәтінімен жүріп өткенде құрама операторлардың жұмысына көңіл бөліңіз.

begin
{массив элементтерiн бос орын аркылы жолга жазу}
forj:=1 to BaganSany do
write (FileOut, San[i,j],``);
{j-цикл аякталган сон, курсорды жана жолга кошiру}
writeln(FileOut);
end;
Тоқтату нүктесін алып тастау үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз:
Негізгі менюді бес\лсенділеңіз;
Негізгі менюден Debug ішкі менюін ашыңыз;
Breakpoints пернесін басыңыз.
Enter пернесін басыңыз.
Экранда программаға қойылған барлық тоқтату нүктелерінің тізімі көһрсетілген, Breakpoints… (тоқтату нүктелері) сұхбат терезесі (2.9-сурет) шығады.
Қажетті элементті белгілеңіз;
“Delete” (сұхбат терезесінен) батырмасын немесе “D” (пернетақтадан) пернесін басыңыз.
Белгіленген тоқтату нүктесі тізімнен алынып тасталады. Егер сіз барлық тоқтату нүктесін алып тастағыңыз келсе-- “Clear all” батырмасын басу керек.
Тапсырма
Егер exi ішкі программасындағы write және writeln процедураларындағы бірінші параметр FileOut көрсетілмесе San массиві қайда жазылған болар еді?
Егер осы параметр тек writeln процедурасында көрсетілмеген болса не өзгереді?

загрузка...
Категория: Информатика | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2445 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Мәтіндік файлға мәліметтер жазу

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2