Бір өлшемді массив. Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCII кодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде Borland Pascal ортасының да көмегімен өзгертуге болады. Өздеріңіз білетіндей 2.1.2.-ні қара, мәтінді теру кезінде жаңа жолды енгізу үшін “Enter” пернесін басу керек, осы кезде арнайы код гинерацияланады—ол жол соңы коды, ал файлды сыртқы сақтау құрылғысына жазған кезде де арнайы код гинерацияланады—ол файл соңы коды. Мәтіндік файлды оқығанда бұл кодтар көрінбейді. Келесі есепті шешіп көрейік: Пернетақтадан бірнеше сандар енгізіп, оларды “mayFile.in” атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек. Есепті кезеңдерге бөлейік: пернетақтадан мәліметтерді енгізу оларды “mayFile.in” атты файлға жазу керек.
Бірінші кезеңді орындау үшін: пернетақтадан енгізілетін сандардың мөлшерін (массив өлшемін) көрсету керек Сан мөлшерін білген соң, параметрлі циклді қолдану арқылы массив элементтеріне осы сандардың нақты мәндерін меншіктейміз Осы әрекеттерді орындау үшін қолданылатын айнымалыларды сипаттаймыз. Айталық, санымыз 100-ден көп емес және олар басқа да процедураларда қолданылатындықтан, оларды ауқымды айнымалыларды баяндау блогында сипаттаймыз. рrogram Misal_F1; var San: array [1..100] of integer; i, SanMolcher: integer;
Мәліметтерді енгізу процедурасы келесі түрде болады: procedure init; begin readln (SanMolcheri); for i:=1 to SanMolcheri do begin write (“San[“,i,”]=’); readln(San[i]); end; Мәліметтерді өңдеу процедурасы әзірге бізге қажет емес, сондықтан ол қызмет атқармай-ақ қойсын. procedure work ; begin end; Енді екіншісі кезеңді қарастырайық, яғни мәліметтерді «mayFile.in» атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек. Алдымен өз файлмызды байланыстыратын, айналымның атауын беру керек.Айталық, ол айналымның атауы FileOut болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттаумыз керек. Бұл айнымалыны шығару процедурасында пайдаланатын болғандықтан, оны жергілікті айнымалы ретінде сипаттаймыз: var FileOut: text; Одан кейін біз программаға, “мәтіндік” типтегі FileOut атты айнымалының, біздің “mayFile. in” атты нақты файлмызды белгілейтінін көрсетуіміз керек. Ол үшін assign(Name Var, Name File)процедурасы қолданылады. Name Var—бұл файлды белгілеу үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда Name Var—дың орнына File Out сөзін жазасыз. NameFile—бұл біз жұмыс істейтін файлдың аты, біздің жағдайда”mayFile.in”. Файл аты мен оның кеңейтілуінен басқа орналасқан орнына қарай сипатталатыны да белгілі. Мысалы,”c,\bp\bin\MyFile.in”. Ал егер толық аты берілмеген жағдайда, үнсіз келісім бойынша сіздің программаңыз орналасқан ағымдағы каталог қолданылады. Енді сіз берілген файлды ашып, оған мәліметтер жазылатындығын көрсетуіңіз керек. Ол үшін rewrite (Name Var)процедурасы қолданылады. Мұндағы, Name Var-бұл файлды белгілеу үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда Name Var—дың орнына FileOut атауы жазылады. rewrite( Name Var) процедурасы—файлды жазу үшін ашады және көрсеткішті файлдың басына орналастырады. Енді мәліметтерді файлға жазуға бәрі дайын. Ол үшін бұрынан белгілі Write() және Write() процедураларын қолданамыз. Жазулар экранға емес файлға жазылуы үшін, мәліметтерді шығару бағытын көрсетеміз. Яғни, жақшаның ішіндегі мәліметтерді жазатын айнымалы атауының алдында, бізді файлмен байланыстыратын assign() процедурасындағы айнымалы атуын көрсетеміз. Айталық, берілгендерді шығыс файлына бір жолға жазу керек болсын, бұл жағдайда бірінші мән ол енгізілетін сандардың мөлшері болады. Жаңа жолға көшу болмайтындықтан,Write() процедурасын қолданып, бастапқыда файлға SanMolcheri айнымалысын мәнін жазамыз да, содан кейін параметрлі циклді пайдаланып енгізу процедурасында енгізілген сандарды жазамыз. Барлық мәліметтер файлға жазылып болған соң, файлды жазу керек. Ол Close() процедурасының көмегімен орындалады. Close(Name Var) процедурасы—файлдың соңына, файл соңы белгісін жазып, оны жабады. Егер файл Close() процедурасымен жабылмаған болса, онда мәліметтер сақталынбайды.
Мәліметтерді файлға жазу процедурасы қандай болатынын қарастырып көрелік:
procedure exi; var FileOut:text; begin assing(FileOut,`mayFile.in`); rewrite(FileOut); write(FileOut, SanMolcheri); for i=1 to SanMolcheri do write(FileOut,San[i]); close(FileOut); end; негізі программаның мәтіні өзгеріссіз қалады begin init; work; exi; end. Осы программаны ‘Misal_F1’ атымен дискіге жазып, оны орындауға жіберіңіз. Программа жұмысын аяқтағаннан кейін, BP редакторының көмегімен біздің программамыз құрған `mayFile.in` файлын ашып, оның мазмұнын көріңіз. Өкінішке орай сандар файлда бос орынсыз тіркесіп жазылған болып шығады. Мұндай жазбадан қандай сандар жазылғанын анықтау қиындық тудырады. Бұл жағдайды қалай түзетуге болады? Ол үшін, сандары бір бірінен дәл ажыратудың екі мүмкіндігі бар: а.әрбір мәнді бос орын (``)белгісі арқылы бөліп жазу в.әрбір мәнді жаңа жолға жазу (баған бойынша). Бірінші жағдайда енгізілетін айнымалы атауынан кейін бос орын (``) белгісін қоямыз. write(FileOut, SanMolcheri,``); for i:= to SanMolcheri do write(FileOut,San[i],``); екінші жағдай үшін, writeln() процедурасын қолданамыз: writeln(FileOut,SanMolcheri); for i=1 to SanMolcheri do writeln(FileOut, San[i] ); Тапсырма 1.Енгізілетін мәліметтер `mayFile1.in` атауымен берілген файлға, бір жолға және бос орын арқылы жазылатындай етіп , Misal_F1 программасын өзгерту керек. Жаңа программаны Misal_F2 атымен сақтаңыз. 2. Misal_F1 программасында берілген мәліметтер `mayFile2.in` файлына әрбір мәлімет жаңа жолдан жазылатындай етіп, өзгерту керек. Жаңа програманы Misal_F3 атымен сақтаңыз. 3.Пернетақтадан 20 жол мәтін енгізіп, оны шығу файлына жазатын, Misal_F4 атауымен сақталатын программа жазыңыз.