Көне түркі тілі: Тапғач тапа сүледім, тапа сүңіштім сияқты еістіктермен тіркесіп келгенде, үстеу мағынасында болады. Ал мынандай тіркестерде шылау қызметінде жұмсалады: Анча барс йылқа чік йорыдым (МЧ.19) – Бұдан соң (иеленіп) барыс жылы чікке қарай аттандым. Кеңерес тапа барды (КТү.39) – Кеңереске таман (қарай) барды.Ол йылқа түргіс тапа Алтун йасығ тоға ертіс үкүзік кече йорыдымыз (КТү.36)
Көне түркi тiлiндегi шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы да бiршама анықталынды. Жалпы шылаулар толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келiп, барлық сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруға қатысқан. Соның iшiнде пысықтауыш, анықтауыш және баяндауыштық қатынаста болатындығы байқалынады. Г.Иманалиеваның «шылаулардың басты қасиетi сөздермен тiркесiп келгенде нақтыланады» деуi негiзгi критерии. Ғалым шылаулар тiркеске сөзiне әр түрлi грамматикалық мағыналар жамап, сол тiркестi сөзбен бiрге сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруғақатысатындығын сөз еткен[41,б.150].
Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзық жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады.
Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де күшейткіш демеуліктердің тек қана та/де дыбыстық варианттары қолданылғын. Олар жалғаулық шылау сипатында көрінбейді. Себебі демеулік шылау мағынасында қолданылудың өзі өте сирек кездессе, сол дәуірде тілдік қолданысқа орай жаңа да демеулік шылауға тән қасиетті иелене бастаған.Бұл тұлғалар ескерткіштің ішінде тек Күлтегін үлкен жазуында ғана ұшырасады.
Та/Де: Руникалық жазбадағы та/де демеулiгi – қазiргi қазақ тiлiндегi та/те, да/де формаларындағы күшейткiш демеулiктер. Көне түркi тiлiнде тек демеулiк мағынасында ғана болады. А.Ысқақов қазақ тiл бiлiмiнде та/те, да/де шылаулары сөздер не сөйлемдердi байланыстыру қабiлетiне байланысты бiрде жалғаулық, бiрде демеулiк мағынасында болатындығын айтады. Жалғаулық шылау қатарына қосқан та/де формасын ғалымдар пiкiрiне сүйене отырып, демеулiктер құрамына жатқызамыз. Себебi мынандай: демеулiк ретiнде қолданылғанда, бiр сөздiң немесе бiрыңғай мүшелердiң әрқайсысының жетегiнде болып, оларға күшейту, анықтау, тәтпiштеу мағыналарын үстемелеп отырады[22,б.336]. 2.3Жалғаулық шылаулар.
Қазақ тiл бiлiмiнде демеулiк шылауларға қатысты ғылыми еңбектер мен зерттеу жұмыстар бiршама бар. Дегенмен олардың мағыналық құрамына және орын тәртiбiне (позиция) қатысты даулы мәселелер жоқ емес.Мәселен,Қ.Жұбанов «Қазақ тiлi жөнiндегi зерттеулер» атты еңбегiнде шылауларды қосалқылар және жалғауыштар деп бөлiп, қосалқылардың өзiн iштей дәйек және аяқ қосалқы деп бөлген. Соның iшiнде дәйекке тым, өте, ең т.б. деген қазiргi күшейткiш үстеулердi шылау есебiнде қарастыру керектiгiн сөз еткен [32,б.162].
20 ғасырдың 80- жылынан бастап шыға бастаған «Дала уалаяты» газеті беттерінде бірле, бірлән, білән және мынан формалары жарысып қолданылған.Сонымен қатар қазіргі қазақ тіліндегі мен/пен/бен қысқа формаларының негізі жасала басталған.Мысалы:Көптен бері мені қалап едім сеніңменен сөйлесуге, менің қымбатлы достум!(ДУГ).
Түркітану саласында осыған дейін руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі шылау сөздер арнайы ғылыми зерттеу ретінде алынып қарастырылмаған. Дегенмен тіл ғылымындағы XІX ғасырдың екінші жартысынан бастап бой көрсете бастаған еңбектерде түркі танушы ғалымдардың азды – көпті пікірлерімен әртүрлі көзқарастары бар. Бірақ олар алғашқы зерттеулердің бірі болғандықтан, тіл даму эвалюциясына байланысты кейбір пікір көзқарастары қазіргі түркі тілдес тілдер жүйесіне сәйкес келе бермейді. Себебі негізгі міндеті мен мақсаты белгілі бір сөз табын жан-жақты зерттеп, оған ғылыми тұрғыдан болжамдар мен дәлелдемелер жазып, елеулі еңбектер қалдыру емес.
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика - құрылымдық топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны бар. Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық - семантикалық немесе лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады.
Шылаулардың дербес сөз табы болып қалыптасуына байланысты айтылған пікірлерге келетін болсақ, жалпы тіл білімі саласындағы көптеген лингвистикалық түсініктер тәрізді сөз табы туралы ұғым өзінің шығу төркінін көне антикалық дәуірден бастайды. Сөз табы жөніндегі алғашқы түсінік біздің дәуірге дейінгі 4 ғасыр шамасында есім сөздер мен етістіктерге қатысты қалыптасқан деген пікір бар [4,б.170]. С.Мұхтаров : «Үнділердің ұзақ мерзімдік тіл туралы толғамдарының нәтижесі біздің эрамызға дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген Панинидің еңбегінде толық көрініс тапты.
Тақырыптың өзектілігі. Тілдегі сөздерді түрлі семантика - құрылымдық топтарға жіктеу теориясының тіл білімінің тарихын айқындауда өзіндік орны бар. Мұнда сөз таптарын сөздерінің құрылымдық - семантикалық немесе лексика – грамматикалық топтары деп топшылайда да, олар бір – бірінен білдіретін мағыналары мен морфологиялық белгілері, сөзжасамдық және сөзөзгерімдік қасиеттері, сөйлемдегі синтаксистік қызметі жағынан ажыратылады.
“Ар не? Бар не? Түйсіктерді жоқ баулу. Түсінікке түкірдім, ал, таптаурын... Әні бітер Сезімдердің түбінде, наны бітер Төзімдердің түбінде былапыт Сөз және Қанжар сақтаулы...” Міне, біртүрлі ақындар мен біртүрлі кітаптар қайдан шығады? Таптаурын түсініктерге түңілгеннен шығады. Ал ол түңілдірер құбылыстардың түп төркініне үңілгеннен шығады? Сонда адамды да, қоғамды да, тіпті заманды да осыншалық жын қақтырып жүрген жадының аты не?
Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім. Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма қай-қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?.. Басқасын қойғанда, ырғағымен, әуезі, көз тастасы мен сөз саптасының өзі талай-талай жайттарды жадыма салды.
Бастапқыда Дүнген жерінде 4-5 жыл жақсы тұрдық. Үрімжідегі Шин Дубаннан құтылдық деп тұрғанда, алдымыздан Пекиннен шыққан коммунист төңкерісшілердің әскері дүнген жеріне келіп кірді. Мұны есітіп, біліп тұрып Елісхан: «Бұл жерде тұра алмаймыз. Артқа көшсек, қуған жау бар. Алдымыздан коммунист шықты. Үндістанға кетейік» – деп, біраз елмен Тибет жеріне көшіп кетті. Алтын-Шөге деген жерге барып, дүнген әскерінен құтылдық. Алдымызда қандай ел, қандай жер бар екен деп, Елісхан бірнеше адаммен көріп келеміз деп кеткен екен.
Құрметті туыстар! Мен жасым 85-ке келген Жүніс Рақиұлы (Бұлұтай) өмірімде болған ахуал, жақсылық пен жамандықты сіздерге айтып өткім келеді. Руым Керей ішінде Жәнтекей. Ол үшке тарайды: Шүйіншалы, Сүйіндік, Сүйінбай. Шүйіншалы баласы Ботағара, Секел, Көбек, Барақ болады. Барақ бабамыз (1650-1740) кезінде батыр болған, атақты би болған кісі. Ол Керейдің ғана емес, Орта Жүздің мәселелерін бітіріп отырған дегдар кісі болыпты.
Физикалық қасиеттері. Азотпен салыстырғанда фосфор элементінің бейметалдық қасиеттерінің кему, оның жай заттарының қасиеттеріне әсер етеді. Фосфордың аллотропиялық түр өзгерістерінің қасиеттері олардың құрылысымен түсіндіріледі. Ақфосфор құрылысы толық зертелген (8.9- сурет). Оның малекулалық кристалдық торы бар. Ақ фосфордың малекуласы төрт атомды және дұрыс үш қырлы перамида тәріздес. Фосфордың әрбір атомы перамиданың төбесінде орналасқан. Малекулалық торлы басқа заттарға ұқсас, ақ фосфор жеңіл балқиды және ұшқыш.
Фосфор азоттық ұқсас, өйткені азоттағы сияқты валенттік электрондық (3s 3p) бар. Бірақ азот атомымен салыстырғанда фосфор атомының өлшемі үлкен және иондық энергиясы аз. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық қасиеттерінің әлсіз екенің білдіреді. Сондықтан фосфорда 3 тотығу дәрежесі сирек, +5 тотығу дәрежесі жиі кездеседі.
Любаша мен Бомелийдің сахнасы. Терезеден өзінің қарсыласын қарап тұрған Любашаның монологы сахнаның бірінші бөлімін құрайды. Любашаның речитативі мен оркестр сүйемелдеуі шебер музыкалық-психологиялық жаңалықтар мол. Соның ішінен Любашаның қырағылығы мен жабыраңқы батылдығын көрсететін суық, қаһарлы дыбысталатын үрмелі аспаптарда және сурдиналы валторнада төмен жүретін аккордтар тізбегін атап өту керек. Алғашында Дуняшаны Марфа деп қалып, «Да, недурна», - деп сөз тастайды.
«Царская невеста» операсы бір демде тоғыз айдың ішінде-ақ жазылды. Негізіне Л. А. Мейдің драмасы жатыр. Бұл оқиға Иван Грозныйдың тұсында болады. Драманың ішінде екі «махаббат үшбұрышы»: Марфа – Любаша – Грязной және Марфа – Лыков – Грозный. Олардың тағдырлары шеменді оқиғалар тоғысымен шешіліп қойған (патша өзіне қалыңдық ретінде Марфаны таңдайды). Бір тұлғаның трагедиясы мемлекеттік қызығушылықпен қақтығысуы Римский – Корсаковтың назарын бұдан бұрын да өзіне аударатын («Псковитянка»). Бірақ «Царская невеста»
Халықтың композициялық және орындаушылық терминологиясына сүйеніп және Жұбанов, аманов жұмыстарындағы қорытындылар мен тұрғыларға негізделіп күй формасының дәстүрлі бөлімдерінің регистрлік-биіктік жағдайлары мен олардың аппликатуралы-интонациялық негізі сұрақтарын нақтылауға тырысамыз. Бөлініс бірліктеріне: бас буын, орта буын, бірінші саға, екінші саға жатады. А. Райымбергенов айтуынша бас буын домбра мойынының 7 пернесіне дейінгі алғашқы бөлігін қамтиды. Оның ішінде бесінші пернеге дейінгі орында бас буынның нақ өзі, ал одан биігірек негізгі тақырып орналасады. Орта буын деп ол 8-10 пернелерді атайды. Бірнші саға ля нотасымен шектелсе, екінші саға ре және ода да биік ноталрға дейін жете алады.
Қазақтарда киіз үйді тігу- әйелдердің ісі. Киіз үйді тігу тіптен оңай. Алдымен керегелерді бір-бірімен байланыстырады. Содан соң шаңырақты көтереді. Оған уықтарды шаншиды. Олардың үстінен киіздерді жабады. Туырлық пен үзік үстінен екі арқанмен үйді шеңберлей буады. Керегелердің дөңгеленіп кеп қосылған жеріне есік босағаларын бекітеді. Үй тігудің бар жұмысы осы.
Шопеннің шығармашылығында поленездерде, мазуркаларда сияқты, ұлттық- патриоттық идеяның көрінісі бар. Полонез- нағыз поляк жанры. Бұл көне би XVII ғ. поляк ақсүйектерінің салтанатты шеруін сүйемелдеуші музыка ретінде пайда болды.
ХІХ ғасырдың 30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық мәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты.
Шуберттің музыкалық мұрасында ән негізгі орын алады. Әнде композитор кейпінің, оның шығармашылық және көркемдік қалыптасу жолдарының ерекше белгілері көрнекті, жүйелі және көңілге қонымды болып ашылады. Ән адамның ішкі жан- дүниесінің сипаттамасына кеңістік ашты; халықтық өнердің образдарына жақындау арқылы демократиялық мағынаға иеленеді; сөз бен музыканың тығыз байланысы арқылы музыкалық образдардардың поэтикалық тиянақтылығына жетеді. Бұның барлығы шуберттік баяндаудың ерекше мәнерлілігін тудырып, оның шығармаларының жаңашыл тереңдігін, маңыздылығын және образдық көп қырлылығын анықтайды.
Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарауында орналасқан. Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102 арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 – саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық дамуы кем балалар үшін.
1997 жылғы 15 шілдедегі N 160-1 «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының басқа да территорияларындағы экологиялық жағдай Үкіметпен жария етіледі. Экологиялық зардап аймағы Қазақстан Республикасы заңымен бекітіледі. Экологиялық зардап шекарасын анықтау қоршаған ортаны қорғау мен денсаулық сақтау, ғылым аясындағы арнайы өкілеттік органдардың жағымды қорытындысы болса Үкіметпен жүзеге асырылады.
Әрбір халықтың ардақ тұтар айбыны мен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұрасы бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің нөпірін таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін совет композиторларының шығармашылықтарын осындай мұра қатарына жатқызуға болады. Арғы тегі мен түп – тұңғиығына тереңдегісі келген жанның қай – қайсысы да осы музыка арқылы рухани әлемі мен жан сұлулығы, ерлігі мен өрлігі, даралығы мен дарындылығын, дархандығы мен даналығын сан алуан қасиет – қабілетін таниды, сезінеді, тебіренеді, тәрбие көреді деуге болады.
Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Тәрбиеші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті. Балалар сендердің көңіл-күйлерің қандай? Сендер көңіл-күйлеріміз жақсы дедіңдер. Енді осы жақсы көңіл-күйлеріңді көрсетіңіздерші.
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз. Күн шықты, гүлдер жайлап ашылып өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастады, гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады (қолдарын жан-жаққа шайқайды). Бір мезгілде аспанға бұлт төніп, жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тоңып, бүрісіп жабылады (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрісіп отырады). Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады, сол уақытта гүлдер де, қүлпырып, жайнап ашыла бастайды (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады).