Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерсе, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда да аса үлкен еңбек сіңірді. Ол қазақтың жазба әдебиеті тілінің негізін салушылардың бірі болды.
Биологиялық эволюцияның механизмдері Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді: - эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция; - эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді; - факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін; - триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді.
1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей).
1500 ж. — жану процесі жүрмейтін атмосферада жануарлардың өмір сүре алмайтындығы дәлелденді (Леонардо да Винчи). 1609ж. — алғашқы микроскоп жасалды (Г.Галилей). 1628ж. — қан айналудың ашылуы (В.Гарвей).
Құддыс Қожамьяров ұйғыр халқының тұңғыш профессионал композиторы, заманымыздың музыкалық жанрларының негізін қалаушысы. Ол, өз шығармашылығында аз халықтардың; заманына сай музыкалық мәдениет өкілдерінің бейнелерін суреттейді. Қ, Қожамьяровтың шығармаларына ұлттық ерекшеліктер тән. Композиторлық шығармашылығымен ол, әр түрлі қоғамдық жұмыстар және ұстаздық қызмет атқарды. Өмірі мен шығармашылық жолы
30 – 40 жылдары романтикалық өнерге құмарлылық Ресейде бірте – бірте азая беріп, «табиғи» мектеп қалыптаса бастады. Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларында оқырман нағыз орыс адамын «көрді»; Гоголь, Гончаров, Герцен, Григорович, Тургеневтің шығарамаларында үйреншікті емес жаңа кейіпкерлер пайда болды – еңбекші шаруа, ұсақ атқамінер, әділетсіздікке қарсылық ашық түрде білдірілді. Музыкада да Алябьев, Гурилев, Даргомыжскийдің шығармашылығында өзгерістер болды.
30 – 40 жылдары романтикалық өнерге құмарлылық Ресейде бірте – бірте азая беріп, «табиғи» мектеп қалыптаса бастады. Пушкин мен Лермонтовтың шығармаларында оқырман нағыз орыс адамын «көрді»; Гоголь, Гончаров, Герцен, Григорович, Тургеневтің шығарамаларында үйреншікті емес жаңа кейіпкерлер пайда болды – еңбекші шаруа, ұсақ атқамінер, әділетсіздікке қарсылық ашық түрде білдірілді. Музыкада да Алябьев, Гурилев, Даргомыжскийдің шығармашылығында өзгерістер болды.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықгың педагогикалық дөстүрлерімен бірге қарастыру тек қызығушылық тугызып кана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Адам генетикасының ерекшеліктері. Генетика ғылымы қарастыратын тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады. Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының) болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол болып келеді.
Социология (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.
1962—1969 жылдардағы реформашылдық дүрбелең елдің ішінара алмастырулар және жетілдірулер жолымен қол жеткізуге болатын өзгерістер шегіне тірелгенін керсетті. Жүргізілген шараларда экономикалық байланыстар мен қатынастарды түбегейлі өзгерту жолдары көзделмеді. Туындаған проблемалар негізінен ұйымдық қайта құру дүрмегін діттеген субъективтік түрде жол-жөнекей шешіліп отырды. Шалағай ойластырылған әрі бірін-бірі жиі алмастырған қайта құру толқыны тұрақсыздық, тұрмыс деңгейінің және әлеуметтік кепілдіктердің әлсіреу қаупін төндірді. Коммунистік болашақ идеясы да жағдайды жеңілдете алған жоқ.
Археологиялқ қазбалар мен жазба ескерткіштерге арқа сүйесек, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар жүздеген жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, тағы басқа да шикізаттарды шаруашылық кәсіптері мен күнделікті тұрмыс қажетіне жарап, қол өнердің өз ұлтына тән ерекше көркем түрлерін қалыптастырған. Қазақстан жеріндегі қолөнердің көне заманнан келе жатқанына нақты айғақтар: Павлодар өңіріндегі Досыбай жартасынан табылған бейнелер, Өскемендегі жазбалар мен Ұлытау жартасындағы суреттер, Кригельді өзені аңғарынан табылған керамикалық қазындылар.
Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Жәнеде оған Оңтүстік- Сібір, Орта Азия мен Ресей халықтарының да мәдениеті өз әсерін тигізген. Осындай үнемі жаңғыру үстінде болған қазақ халқының дәстүрлі қолөнерінің даму биігіне көтерілген кезкңі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы.
Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай ор түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды.
Бүгінгі өскелең ұлттық сахна өнерінің шежіресіне өз үлесін қосып келе жатқан шығармашылық ұжымның бірі – Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма таетры. Бұл театрдың да басқалардай өзіне тән алғашқы құрылып, ұйымдасуы, сондай-ақ басынан кешірген сан қилы қиыншылықтары мен асқан межелі асу-белесі, шығармашылық өсу жолы бар. Осындай кәсіби шығармашылық ұжымның құрылғанына дақырық жылдай уақыт болыпты. Театр өзінің отыз жылдық шығармашылық қызметі тұсында 1966 жылы Алматы көрермендерімен алғаш рет жүздесіп үлгерді. Мұның өзі театр шежіресіндегі тұңғыш аса қуанышты оқиға екені анық. Осыған орай театрдың шығармашылық өсу жолына қысқаша болса да барлау жасап, шама-шарқынша талдап өткеніміз жөн.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен. Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы). Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады. Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» - дейді.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады. Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандадаы» - дейді.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.
Әлияның балалық шағы. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғағаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б.
Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Кіші жүз ханы. Шыңғысханның он бесінші ұрпағы. 1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты батыр Бөгенбай тағайындалды. XVIII ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліскке ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп Тарбағатай ауданы деп аталды. Тарбағатай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының Оңтүстік Шығыс бөлігінде орналасқан. Жері 25,1 мың шаршы км. Аудан халқының саны 59800 адам. Құрамында 16 ауылдық, 1 кенттік округтері, 69 елді мекендер бар. Аудан орталығы - Ақсуат ауылы.
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Бұрындық хан – Керей ханның үш ұлының бірі. Бұрындықтың қашан дүниеге келгені белгісіз. Орта ғасырлардағы жазба деректердің үзік-үзік мәліметтеріне сүйене отырып, оның өмірінің 40-50 жылдық кезеңін қалпына келтіруге болады. Бұрындық ханның өмірі Қазақ хандығы тарихының алғашқы дәуірімен тығыз байланысты. Сондықтан да хандық тарихындағы ірі оқиғалар мен дамулар оның өміріндегі белестер болып есептеледі. Жазба деректердің өте тапшылығына қарамастан, Бұрындық хан өмірінен бірнеше белесті айқын көруге болады.
Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598-жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан - Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.
Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң көптеген кәсіпорындарын жаңғыртып, қайтадан жасақтау жүзеге асырылып жатыр. Мұны жақсы нышан деу керек, бiзде тәуелсiздiк алған жылдарымыздың iшiнде 2003 жылы тұңғыш рет өңдеушi өнеркәсiптiң өcу қарқыны өндiрушi өнеркәсiптiң өсу қарқынынан асып түстi. Машина жасауда бұл көрсеткiш 20 пайыздан да артық болды.
Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.
Сorel Draw – машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді; күрделі сызбаларды, кітаптар мен журналдар мұқабаларының фигуралық кітапталарын, фотографиялық шын және фантастикалық шын емес бейнелейлерді; дайын бейнелеулерді редакциялау үшін, графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге қарапайым құрал.